28.12.2020, 9:53
Қараулар: 132
Санитариялық қаулыдағы өзгерістер түсіндірілді

Санитариялық қаулыдағы өзгерістер түсіндірілді

Еліміздің барлық өңірлеріндегідей облысымызда да 2020 жылдың 25 желтоқсанынан 2021 жылдың  5 қаңтары аралығында карантин режимі күшейтіледі. Талап бойынша сауда үйлері мен орталықтары, дүкендерге бір мезетте толымдылығы 30 пайыздан аспайтын адам кіре алады. Бұл қағида азық-түлік дүкендері мен базарларға да қатысты. Сонымен қатар жаңажылдық мереке күндері тек азық түлік дүкендері ғана қызмет көрсете алады.

Осындай өзгерістер мен толықтыруларды кәсіпкерлерге жеткізу және санитарлық талаптарды қадағалау мақсатында мониторинг тобы аудан орталығындағы сауда орындары мен азық-түлік дүкендерін аралады. Олар  алдымен аудан орталығындағы «Ақжайық» сауда үйіне бас сұқты. Ғимарат ішінде бетпердесіз жүрген екі тұтынушыға ескерту жасалғаннан өзге қызметкерлер тарапынан ешқандай құқық бұзушылық байқалмады. Сауда үйінің жетекшісіне мейрам күндерінде сақталатын талаптар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар ғимараттың екінші қабатын жалдап отырған сауда нүктелерінің иесіне де ережелер түсіндіріліп, мейрам күндері жұмысын тоқтата тұру керектігі ескертілді.

Одан соң «Балалар әлемі» дүкеніне келген топ шағын орынның адамға толы  екенін көріп, нысанда бір мезетте болатын адамдар санын шектеу қажеттігін қаперге салды. Бұл жерде де мереке күндері сауда жүргізілмейді. Топ мүшелері аудан орталығындағы халық көп баратын «Мордвинчев» дүкенінде болып, санитарлық талаптарға аса мән беріп, қызмет жасау керектігін айтты.

«Сақтансаң сақтармын» деген, сауда орындарында сақтықтың күшіне енуін қадалаған топтың жұмысы әлі де жалғасады.

Ә.ОРЫНҒАЛИ