28.12.2020, 10:28
Қараулар: 84
Тілек

Тілек

 Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Ерлан Қанатбаевқа

Күресіп әлемдік індетпен,

Күн де өткен, ұйқысыз түн де өткен,

Гиппократ антына адалдық,

Тең тұрар адамдық міндетпен,

Келер жыл мақтансын Жұбан-Ел:

«Ерім деп індетті індеткен!»

 

«Мұқадес» шаруа қожалығының басшысы Ақылбек Сағитовқа

Елге сыйлы, жаны жомарт бағалы,

Ардақтайық төрге озған дараны.

Кәсіп етіп, нәсіп терген Ақылбек

Көп іс жасап, еліне ер боп жарады.

Жұбан үйді өзі бас боп, жайнатты

Тисін оның ғұмырына сауабы.

Саясатта додаға кеп қосылды,

Боламын деп жұртшылықтың қалауы.

Тілегіміз жансын дейміз алда тек

Сәттілік пен  жақсылықтың алауы!

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Хайруллинге

Қолына алған шаруасы

Саясаттың ішкісі.

Қызметінде болады

Қиындық «түрлі-түстісі».

Шаршамайтын, талмайтын

Басшының Армат күштісі.

Сейқуатұлы Арматтың

Болмас күні құр жүрген,

Бағынсын асқар жүздеген,

Шыңдарда арман гүлдеген.

Болар баланың белгілі

Шыға алары бір жерден.

Тапсырмаларды орындап,

Уақытында үлгерген,

Жемісті болсын әр күні

Ел игілігіне терлеген!

 

Мәжіліс депуттаттығына үміткер Сабира Сүндетоваға

Жастар жүрсе жарасар анық істе,

Елге қызмет істесең –жанып істе!

Аманатын арқалап Ақжайықтың,

Сәбира қыз бет алды Мәжіліске.

Жаңа жылда жас ару белсенеді,

Ұлға татыр қызына ел сенеді.

 

Аудандық аурухананың медециналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Әсел Ералиеваға:

Әселмен жұмыста кім таласады,

Кәсіби шеберлікпен әрі асады.

Жігерлі жас маманға « Ақ желеңді

Абзал жан» деген теңеу жарасады.

CoVID-ті баудай қырып дәрігерлерің,

Көрсетсін туған елге тамашаны.

 

«Жұбан орталығының» жетекшісі Гүлбану Құлмұхановаға

Мәдениет майданы –таңдағаны,

Көкейінде жүр әлі арман әні,

Еселенген ертеден еңбек жолы,

Мұрасы боп Жұбанның жалғасады.

Жолықтырып ендеше Жылға-Аруды,

Құттықтайық, кәнекей, Гүлбануды!

 

«Жерұйық» музейінің жетекшісі  Жәнібек Әбілпейісовке

Кеудесінде хаттаулы ел тарихы, дерегі,

Бір көз салса, көк тас та «сөйлеп»қоя береді.

Жәнібектің музейін көруге бет алсаңыз,

«Ала кет» деп артыңнан аудан жұрты ереді.

Құм құрсанған қайнардың көзін аш та, қанып іш

Сенен артық дейсің бе дала кезген дәруіш?!

 

Аудандық балар мен жасөспірімдер спорт мектебінң басшысы,Марат Игльмановқа

Күрессе, жалт қаратқан,

Өңкей жүйрік жаратқан.

Бәйге, көкпар, боксшы,

Жиылар әр тараптан,

Велоспорт, дойбы, шахмат,

Жеңем десең талаптан!

Ақжайықтың атағы

Орын алған санаттан.

Жарқын жүзді жақсылар

Үлгі алса екен Мараттан!

 

Аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесші-маманы, Ақжайық аудандық «Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Айдар Елдесовқа

Елден алдың бағаны, таудай биік талабың,

«Жемқорлыққа-қарсылық» – марапаты алғаның.

Індет өршіп тұрғанда, дүкендерді аралап,

Бетпердесі жоқтарды түгін қоймай санадың,

Келер жылда тілейміз, жұмыс жүрсін қарқынды,

Алға қадам бассыншы «Адалдықтың  алаңы»!

Әзілмен тілек жолдаған Әсет БИСЕНҒАЛИЕВ