28.12.2020, 10:35
Қараулар: 101
Абаймен сырласты жүрегім

Абаймен сырласты жүрегім

Өткен  тарих  дауылпазы, үні – сіз,

Тумысынан  асып туған  ұлысыз.

Жырларыңды  жаттап өскен жүректен,

Оқырманмен  бір жасайсыз, тірісіз.

 

Өлең  жазып, менде сізге ұқсармын,

Ақындыққа бар жаныммен құштармын.

Шабытымнан қуаныш кернеп кеудемді,

Қаламымнан туса өлең-жырларым.

 

Жырларыңды  оқығанда ойланам,

Қиялыммен ойды кезем, ой бағам.

Қандай бақыт байлыққа емес өмірде,

Өлең деген құдіретке тоймаған.

 

Ерекше жарқ  еткендей  дара туған,

Қайсар мінез, отты сөзден жаратылған.

Тілің өткір, сөздерің биік рухты,

Жаралғандай қыранның қанатынан.

 

Сен тұрасың қара сөздің биігінде,

Орның бар әр қазақтың жүрегінде.

Керемет мол мұраңды мирас еттің,

Өмірің мен мирасың – үлгі өнеге.

 

Асқар шыңға биікке сен ұмтылдың,

Қамын жеп қалың жұртыңның.

Ақын баба, есімің мәңгі қалар

Мақтанышы боп туған ұлтыңның!

 

Дана Абай, қашанда өзің қолда!

Алдымда мақсатым көп қойған алға.

Демеу еттім өзіңнің жырларыңды,

Сиясы әлі кеппеген жырларыма.

 

 

 Жұлдыз Өмірбаева,

                              10-сынып оқушысы

КӨНЕККЕТКЕН