28.12.2020, 10:46
Қараулар: 109
Заман талабына сай өзгерістер

Заман талабына сай өзгерістер

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндетіне ҚР заңнамаларына сәйкес орман күзеті, орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерi жатады.

Мекеменің функциялары ҚР Орман кодексінің  69 бабына сәйкес белгіленген. Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18- 02/40 «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» қағидалармен белгіленген нормаларға сәйкес атқарылуда.

Бүгінде мекемеде 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетіледі. Биыл өтініш білдіргендерге 26 дана  ағаш кесу билеті және 40 дана орман билеті берілді. Сонымен қоса, мекеменің қызметкерлері тарапынан мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жаңадан кабылданған Әдеп кодексі туралы, азаматтық қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстары әр тоқсан сайын жүргізілуде.

Отын ағашына  ақы төлеу былтырдан бері келісім шартқа байланысты «Қазпошта» мекемесі арқылы төреніп келеді. Сонымен қатар қызметтерді цифрландыру және реттеу мақсатында мекемеде «Е-лицензирование» бағдарламасы орнатылды, алдағы жылы іске қосылмақ.  Жеке және заңды тұлғаларға ендігі уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы осы аталған бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.

Ербол МАНГУРОВ,

 «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері