11.01.2021, 9:30
Қараулар: 89
ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына Таубаев Райымбек Қуанышқалиұлы тағайындалды.

Р.Таубаев 1983 жылы 28 наурызда Сырым ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Әскери институтын «Командалық тактикалық әуе десанты және әскери барлау», 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 әскери қызметші болып бастап, 2006-2015 жылдары аралығында түрлі әскери лауазымдарды атқарған. 2015-2016 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру басқармасының жұмылдыру жоспарлау бөлімінің офицері, 2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметкерлерді келісімшарт бойынша іріктеу және әскерге шақыру бөлімше бастығы, 2018 жылдан бастап осыған дейін Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери патриоттық жұмыстары басқармасының әскери патриоттық жұмыс және ҚР Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс қызмет бастығы лауазымын атқарған.