11.01.2021, 9:40
Қараулар: 108
Құқығың мен парызың

Құқығың мен парызың

Санаулы күндерден соң еліміздің халқын жауапты белес күтіп тұр. Есігімізге енген осы жылдың алғашқы айында, нақтылап айтқанда 10 қаңтарда  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

Мемлекетіміздің қазіргі әлемдік қоғамдастықтағы алар орны қомақты. Қазақ елінің жыл асқан сайын абыройы артып, халқымыздың әл-ауқаты жақсара түскеніне  көпшілік. Ел аман, жұрт тыныш. Бұл бүгінгі ұрпаққа, яғни жастарға аға буын өкілдерінің еңбегімен, ерлігімен келген Тәуелсіздіктің жемісі. Қазір толассыз ағылған ақпарат көздерінен бауырлас, көрші елдерде болып жатырған жаманаттарды естіп, білім көріп жатырмыз. Соның бәрінен халқымыз аман тұрғаны – елдегі тұрақтылық, бейбіт өмір, түсіністіктің арқасы. Біз бұған бір күнде қол жеткізгеніміз жоқ. Бұл әрбір қазақстандықтың небір саяси науқанда бейқам жатпай, ел болашағының қалай қалыптасатынын өзі таңдағанының көрінісі.

Аракідік жастардың арасында «Мен дауыс бермеймін, мені сайлауға бармаймын» деген алыпқашпа сөздерді естіп жататынымыз рас. Осындай азаматтарға айтарым, елдің ертеңі – сенің таңдауыңа байланысты. 18 ге толған әрбір азамат пен азаматшаға сайлау учаскілеріне келіп, таңдау жасап, дауыс беруге еліміздің Ата Заңы – Конституция құқық берген. Тарихқа үңілер болсақ, қазақтың өз болашағын өзі жасап, таңдауын еркін жария етуге мүмкіндігі бола бермегені аян. Сол кезде ата-бабаларымыз бодандықтан құтылып, туған елінде өзі төрелік етуді аңсамап па еді?! Ал қазір дәл осындай құзіретті әр тұрғынның қолына беріп қойғанда, одан неге бас тартамыз.

Еліміздегі өтіп жатқан саяси додаға бей жай қарамай,елінің болашағына алаңдаған жас өркеннің ел жандылығының айқын көрінісі деп білемін. Ал шын мәнінде азаматтың азаматтығы, қоғам істеріне араласу белсенділігі, ең алдымен осы сайлау құқын пайдалануынан көрінеді ғой.

Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемнің назарында тұр. Осал тұстарымызды аңдып, ту сыртымыздан тап беруге әзір тұрған небір саяси күштер аз емес. Оларға қарсы төтеп берер күш – халықтың ауызбіршілігі. Бұл істе жастар алдағы сайлауда бәріміз бір кісідей жұмылып дауыс беруге келейік. Жасампаз еліміздің одан әрі дамуына үлес қосатын тұлғаларды бірге таңдап, ұлтымыздың биік деңгейлерді бағындыра беруіне ат салысайық. Егемен еліміз жасай берсін!

Әли ОРЫНОВ,

аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы