11.01.2021, 9:47
Қараулар: 92
Дарасың, туған елім!

Дарасың, туған елім!

Кіндік қаным тамған жер,

Асыр сап, ойнақ салған жер.

Есейсек те, бой жетіп

Алыста болсақ арман жер!

Ертеректе болыпты

Байлардың тұрақ мекені,

Су алғанда бай қызы,

Көнегі суға кетеді.

Көнеккеткен – жұмақ жер,

Атауы солай енеді.

Ақын да шыққан ауылдан,

Батыр да шыққан ауылдан.

Жылдан жылға ауылым

Жақсылықтармен жалындар.

Сараласам сарасын,

Жайсаңдарға панасың.

Көгілдір отын, суы бар,

Самсатып жарық жағасың.

Мақтанам да, шаттанам,

Көркейіп, жайнап барасың.

Қай қиырда жүрсек те,

Біз үшін дәйім дарасың!

Айтқаным ХАМИТОВА

9-сынып оқушысы,

КӨНЕККЕТКЕН