11.01.2021, 10:04
Қараулар: 97
Волейболдан бәсеке

Волейболдан бәсеке

Чапаев ауылында волейболдан ерлер  командалары арасында аудан біріншілігі өткізілді. Көрерменсіз өткен жарысқа аудан орталығы, ауылдық округтерден барлығы 15 команда қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде  Алмалы ауылдық округінің командасы жеңімпаз атансы, ІІ орында Базаршолан командасы, ІІІ орынға қарауылтөбелік спортшылары табан тіреді

Ерекше шеберлігімен көзге түскен алмалық Азамат Тілекқабылов «Үздік ойыншы», қарауылтөбелік  Сұлтан  Сағынаев «Үздік қорғаушы», чапаевтық Райымбек  Қуаныш «Үздік шабуылшы», базаршоландық Руслан Биманов «Үздік байланыстырушы» аталымдарын жеңіп алды. «Жеңіске жігер ушін» аталымымен «Жастар» құрама командасы марапатталды. Барлық жеңімпаздар мен аталым иелеріне бағалы сыйлықтар мен марапаттар тапсырылды.

Бауыржан ТУЛАҚБАЕВ,

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы