18.01.2021, 9:53
Қараулар: 80
Дәстүрлі қабылдау

Дәстүрлі қабылдау

Қоғам мен билік арасындағы ашықтық – аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың басты назарында. Ашық диалог алаңында  тұрғындармен үнемі жүздесетін ол және оның орынбасарлары, барлық ауылдық округ әкімдері өткен аптада «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.

Аудан басшысының қабылдауына алты, орынбасарларына екі тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Кезекті  қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді. Барлық сұрақтар бойынша заң аясында түсінік берілсе, бірқатар бөлім басшыларына тұрғындардың сұрақтары бойынша жұмыстануды тапсырды.

Ауылдық округ әкімдерінің қабылдауында 28 азамат болды.

Өз тілшіміз