18.01.2021, 9:57
Қараулар: 194
Қызметтік көлік табыстады

Қызметтік көлік табыстады

Ауданымызда жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов болып, ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесті.

Жүздесуде аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов асыл тұқымды мал өсірудегі оң өзгерістер, мал қыстату науқанының барысымен таныстырды. Одан соң Л.Рашидұлы биылғы жылы облысымызда ауылшаруашлығы мен өнеркәсіптің атқарған жұмыстары орасан зор, оның ішінде Ақжайық ауданының үлесі қомақты екенін ерекше айшықтады. Айталық, төтенше жағдай кезінде облыс аумағындағы бекеттердің жұмысын үйлестіру, қоғамдық тәртіпті сақтауда  атқарылған шаруалар республика бойынша үздік деп танылды. Мал қыстақтарында жем-шөп қоры да жеткілікті, қыстан аман шығатынымызға еш алаң жоқ.

Өзге де оң жаңалықтарды тілге тиек еткен инспекция басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Махамбет Нысанбаевқа Батыс Қазақстан облысы аумақтық инспекциясы және Батыс Қазақстан облысы  ауылшаруашылығы басқармасы атынан алғыс хаттар табысап, осы мекемеге қызметтік көліктің кілтін табыстады. Сонымен қатар инспекция қызметіндегі жетістіктерге қосқан үлестері үшін осы мекеменің бас маманы Жасұлан Мақашевті де марапаттады.

Асыл ҚАЙРАТ

Суретті түсірген Азамат ҚАНАПИЯ