25.01.2021, 10:32
Қараулар: 71
Тағайындау

Тағайындау

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының 2021 жылғы 18 қаңтардағы №1 бұйрығымен Ақжайық ауданының білім беру бөлімінің басшысы болып Биржан Серикович Сабиров тағайындалды.

Б.Сабиров 1982 жылы 27 қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алмалы орта жалпы білім беретін мектебін бітірген. 2000 – 2004 жылдары Орал гуманитарлық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған. 2004-2007 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математика және информатика факультетінің информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша диплом иеленген. 2007 жылдың тамыз айында жолдама бойынша Ақжайық ауданы «Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ-не   информатика пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданған. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2018 жылдың тамыз айынан бастап Ақжайық ауданы «Тайпақ мектеп – гимназиясы» КММ-не директор болып тағайындалған.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі  12 жыл, жоғары санатты мұғалім.