25.01.2021, 10:33
Қараулар: 67
Басты міндет – бала саулығы

Басты міндет – бала саулығы

Ағымдағы оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап мектептерде оқыту процесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Нақтылап айтсақ, наурыздан бастап қашықтан білім алған 5, 9, 11 сынып оқушылары мектеп парталарына қайта оралды. Мектептердегі санитарлық-эпидемиологиялық сақтану шаралары, оқушылардың арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөнінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Бауыржан Ермеков баяндайды.

– Бүгінге  45 білім беру ұйымы (41 мектеп дәстүрлі, 4 мектеп қашықтан) білім беруді жалғастыруда. Жалпы оқушы саны 6494 болса, дәстүрлі форматта білім алатын 41 мектепте 4327, қашықтан білім алатын 4 мектепте 2167 ұл-қыз  білім алады. Солардың ішінде кезекші сыныптарда, яғни 1-5 сыныптарда  1044 оқушы, 9, 11-сыныптарда – 261 оқушы мұғалімнің алдынан дәріс алса, қалған 862 оқушы «Online Mektep» платформасы арқылы қашықтықтан оқуды жалғастыруда.

Сондай-ақ, аудан бойынша 12 балабақша және  3 қосымша білім беру ұйымы өз жұмыстарын штаттық режимде жүргізіп отыр.

Барлық білім беру ұйымдарында оқу процесі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» №345 бұйрығына енгізілген 28.12.2020 жылғы № 548 әдістемелік ұсыным басшылыққа ала отырып ұйымдастырылуда. Барлық мектептер зарарсыздандыратын құрал-жабдықтармен қамтылған, оқушылар мен мектеп қызметкерлері сабаққа маскамен ғана жіберіледі. Сонымен қатар балалардың денсаулығы әлсін әлі қадағаланып, егер қандай ма бір суық тию белгілері байқалса, дер кезінде медициналық бақылау ұйымдастырылады.

Әсел САҒЫН.