25.01.2021, 10:37
Қараулар: 65
3 ауылда карантин күшейтілді

3 ауылда карантин күшейтілді

Бір айналдырғанда, шыр айналдырып, елді үрейлендірген коронавирус инфекциясы әлі де бәсеңдемей тұр. Бәсеңдемек түгілі, қыста онсыз да әбігерге салдыратын ЖРВИ, тұмаумен бірге өршіп барады. Әлемді шарпыған пандемия бүгінде ауыл-елді мекеннің бірін қалдырмай өз құрсауына алғандай. Осыған байланысты Ақжайық ауданы аумағында тұрғындардың арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Қанатбаев қаулы шығарды.

2021 жылғы 16 қаңтардағы №2 қаулының негізінде Ақжайық ауданы Чапаев, Жаңабұлақ, Қабыршақты елді мекендерінің аумағында 2021 жылғы 18 қаңтардан 31 қаңтарға дейін келесі шектеу шаралары енгізіледі:

  1. Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

— жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныптардан өзге сыныптарда оқыту қашықтан жүргізілу;

— шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері (алдын-ала жазылу бойынша), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар сауда сөрелері арасындағы қашықтықты сақтай отырып, азық-түлік өнімдерін сату тек өлшеп-оралған түрде, көкөніс пен жемістерді қоспағанда, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жүргізілуі тиіс;

— азық-түлік дүкендері (азық-түлік өнімдерін сату, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс) сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін;

— мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар және басқалары үй-жайда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (ұжымдық іс-шараларды өткізбей бір уақытта 30 адамнан аспайтын келушілер санымен), сондай-ақ сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі;

— азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер толымдылығы нысанның сыйымдылығынан 30% артық емес (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді

— діни нысандарда бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салынады;

  1. БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Ақжайық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК:

— Чапаев, Жаңабұлақ, Қабыршақты елді мекендерінде орналасқан медицина ұйымдары: тек жіті аурулары бар науқастар үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету; созылмалы аурулары бар науқастардың бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға келуін, оларды үйде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру арқылы шектеу керек.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс режимін белгілеу:

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныс құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) кіруге рұқсат етіледі.

Жеңіл көлік жеке қорғаныс құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  1. Ішкі саясат бөлімі Чапаев, Жаңабұлақ, Қабыршақты селолық окугтерінің әкімдерімен бірлесе:

— халық арасында түсіндіру жұмыстары күшейту қажет;

  1. Ақжайық аудандық полиция бөлімшесі енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырып, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда материалдарды тез арада Ақжайық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жіберуі тиіс;
  2. Ауылдық округтер әкімдері мен мониторинг топтары:

— аудан аумағындағы объектілер мен тұрғындардың БҚО Бас санитариялық дәрігерінің 2020 ж 21 қараша №34 ПГРв «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысының орындалуына бақылауды күшейтуі керек;

  1. Чапаев, Жаңабұлақ, Қабыршақты селолық окугтерінің тұрғындарына:

— респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгінуі қажет;

— 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда, аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

  1. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.

Осы қаулының барлық тармақтарында көрсетілген шектеу шараларының бұлжытпай орындалуы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының тікелей назарында.

Сақ болайық, ағайын! Денсаулық маңызды.

Әсем ЕСБЕК