25.01.2021, 10:59
Қараулар: 79
Допты хоккейден біріншілік

Допты хоккейден біріншілік

Өткен аптада аудандық «Жігер» спорт клубының ұйымдастыруымен «Жастар» спорт алаңында доптық хоккейден  Чапаев ауылының біріншілігі өткізілді.

Сайысқа  Ақжайық аграрлық-техникалық колледж бен аудан орталығындағы мектеп мұғалімдерінен  құралған «Ұстаздар», балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Жастар» құрамасы және «Жігер» спорт клубы командалары қатысты. Бес команда бәсекелескен сайыс нәтижесінде І орын  колледж командасына бұйырса, ІІ орынға  спорт мектебінің шеберлері ие болды. Ал ІІІ орын «Жастар» командасының еншісінде.

Сонымен қатар Уәлихан Малдыбаев «Үздік қақпашы», Еділхан Мендіханұлы «Үздік шабуылшы», Ақтілек Боранбаев  «Үздік ойыншы» атанды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан диплом  және медальдармен марапатталды.

Лязат ӨТЕГЕНОВА