1.02.2021, 9:48
Қараулар: 47
Ақылы негіздегі ҰБТ

Ақылы негіздегі ҰБТ

24, 25, 26 қаңтарда аудан орталығында ақылы негізде  ұлттық бірыңғай тестілеу ұйымдастырылды. Аудан бойынша орта мектептердің 369 оқушысының 330-ы тестілеуге қатысуға өтінім берген. Оның 311-і қазақ, 19-ы орыс тілінде тапсырды. 24 білім ошағынан тестілеудің алғашқы күнінде 111, екінші күні 119, үшінші күні 99 түлек қатынасты. Ал 2 оқушы белгі бір себептермен оқушы сынаққа келмей қалған.

Аталған ҰБТ-ның қорытындысы бойынша ең жоғары 120 балды екі оқушы, ең төменгі 21 балды бір оқушы алды. Шектік деңгейден өтпеген, яғни 50 балдан төмен жинаған түлектер саны – 112. Ерекше атап өтер тұс, Қ.Байсықов ат. орта мектептен қатысқан 22 оқушының 11-і, Алмалы орта мектебінің 24 оқушысының 13-і, №1 орта мектебінің 35 оқушысының 19-ы, Есенсай орта мектебінің 19 оқушысының 11-і, Алғабас орта мектебінің 24 оқушысының 12-і және Бітік мектебінің 7 оқушысының 4-еуінің білімі шектік бағадан аса алмады. Оқу жылының соңына дейін мұғалімдер мен түлектерге біраз күш салуға тура келеді.

Айта кету керек, ақылы негізде тапсырған тестілеу қорытындысымен үміткерге жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдеріне түсуге болады, яғни бұл сертификаттар мемлекеттік грант иелену үшін жарамсыз.

Тестілеу орталығында індеттің қатысушылар арасында таралуын болдырмаудың барлық жағдайы қарастырылған. Оқушылардың дене қызулары өлшеніп, бір реттік медициналық маскаларды тағып, аудиторияға енді. Аудиториядағы тест тапсырушылардың араларында кемінде 2 метр қашықтықтың сақталуы ескерілді.

Ұлттық тестілеу өтетін пунктте әдеттегідей, Білім және ғылым министрлігі өкілдері, мемлекеттік комиссия мүшелері жұмыс жасады.

Ләззат ӨТЕГЕНОВА