1.02.2021, 9:59
Қараулар: 60
Ел алдындағы есеп

Ел алдындағы есеп

Округ әкімдерінің халықтармен есепті кездесулері аяқталды. Өткен жылда ауыл-аймақта атқарылған жұмыстар жөнінде ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

Ақжол

Округ бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына 9264 бас мүйізді ірі қара малы, 26385 бас қой мен ешкі ,  4048 бас жылқы және 4 бас түйе тіркелген. (2019 жылмен салыстырғанда сиыр – 1967 басқа, қой мен ешкі –1561 басқа, жылқы – 393 басқа артқан). 31 шаруа қожалығы 41 бас асыл тұқымды бұқа,  9 иелік 96 бас асыл тұқымды қошқар сатып алынып, үкімет тарапынан берілетін демеу қаржыға ие болды. Округ бойынша  ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі – 56 582 000.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту бөлімі арқылы 2 адам түрлі мамандыққа оқыса,  7 адам 5 930 00 тенге көлемінде грант пен несие алды.

Былтыр Битілеу елді мекеніне газ құбырлары жеткізілді. Биыл Тнәлі, Қабыл елді мекендеріне таза ауыз су кіргізіледі деп жоспарлануда. Өткен жылы округ орталығы Ілбішін ауылының кірме жолына асфалт төселді.

Ауылдастардың жарасымды ісінен бір мысал: Ілбішін ауылы О.Исаев атындағы көше тұрғындары 17 дана, Қабыл, Тналиев елді мекендерінің тұрғындары 28 дана  көше шамдарын өз қаражаттары есебінен орнатты.

Ақсуат

Жыл басынан бері 48 адам жұмыспен қамтылды. Әр мекемелерге 4 адам тұрақты жұмысқа, 24 адам маусымдық жұмысқа  және «Еңбек келісім шартын жасайық» атты акциясы аясында 23 шаруа қожалыққа 35 адам еңбек шарты негізінде жұмысқа орналастырылды. 2 жас маман жастар тәжірибесінен өткен. Қазіргі таңда округ аумағындағы ірі қара мал саны 5238, қой-ешкі саны 5528 және жылқы саны 5472. Оларға қажет 16 480 тонна мал азығы толықтай жиналды.

Бруцеллез ауруына 5238 бас ірі қара мен 5528 қой-ешкі зерттеліп, 10 бас қой мен ешкі оң нәтиже беріп, ауру тіркелген  5  аулаға  бұқарлау жұмыстары жүргізілді.

2020 жылы кәсіпкер Мухтар Айтимов Ақбұлақ елдімекені мен  Жайық  өзені  аралығындағы 52 гектар жер учаскесіне алма бағын өсіруді қолға алды.

Демеушілер көмегімен  барлығы 35 дана жарықтандыру шамдары сатып алынып, Ақбұлақ елдімекеніне 10 жаңа  жарықтандыру шамы орнатылса, округ орталығында 15 жаңа жарықтандыру шамдары жаңартылды.

Есепті кезеңде Ақсуат ауылдық округінің кіре беріс белгісі жаңартылып, ауылағы орталық зират 1983 жылғы ауыл азаматтардың демеушілігімен қоршалған, сонымен қатар Ақсуат ауылына 4G жылдамдықты интернет таратыла бастады.

Алмалы

«Бастау Бизнес» жобасы  бойынша 7 адам  бизнес негіздерін оқыса, 18 отбасыға отбасыға атаулы  әлеуметтік  көмек  тағайындалды төтенше жағдай кезінде жергілікті тұрғындардың демеушілігімен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 18 отбасыға 275 мың теңге көлемінде азық-түлік тауарларымен көмек көрсетілді. Сонымен қатар шаруа қожалық иелері мал етін таратып, қолдау көрсетті.

«ҚазАгроқаржы»  АҚ арқылы 3 иелік ауылшаруашылығы техникаларын жаңартса, өз ісін кеңейту бағытында 3 шаруа 12 млн, өз ісін ашу бағытында 5 адам жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде 19 млн 200 теңге жеңілдетілген  несие алды.  «Qolday.kz»  порталының Минагро базасына  шаруа  қожалық  жерлері түгелдей енгізілді.  Бағбандар 72 га картоп, 66.5 га көкөніс,  338,3 га бау – бақша дақылдарын егіп, барлығы 7541,3 тонна өнім  жинады.

Жеке тұрғындардың  мал басын асылдандыру  бағытында ауылшаруашылығы  өндірістік  кооперативі 149 бас  аналыққа  6 бас  асылтұқымды аталық мал басын қосып отыр.

Алғабас

Мұнда малды асылдандыруға көп көңіл бөлінуде. Қожалықтар өткен жылы 66 бас асыл тұқымды бұқа, 100 бас асыл тұқымды қошқар сатып алған. 5 га танапқа картоп, 6 га бау – бақша дақылдарын, 5,2 га көкөніс егілді. Есепті кезеңде иеліктер лизингке 3 дана МТЗ-82 тракторы, 1 дана шөп шапқыш, 3 дана шөп тайлағыш, 5 шөп тиегіш, 3 дана күн сәулесінен қуаттанатын батареясын және 1 ШҚ электронды бақташы құрылғысын сатып алды.

Есепті жылы Алғабас орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, құрылыс жұмыстарына 82 адам тартылды. Жаңарған ғимараттың жертөлесінде күрес залы ашылып, 1983 туған азаматтар қажет инвентармен қамтамасыз етуге қолдау көрсетті.

Сонымен қатар 4 елді мекенге табиғи газ құбыры жеткізіліп, 28 адам жұмыспен қамтылды.

Халықтың тілегінің қабыл болғаны – Алғабас ауылынан Орал-Атырау тас жолына қатынайтын жолдың 8 шақырым 300 метріне асфальт төселді. Құрылыстың мердігер «Жайық құрылыс» ЖШС-імен келісімшарттың негізінде 10 адам уақытша қызметке тұрды.

3 жеке кәсіпкер 13 млн теңге көлемінде несие алып, 11 адам қайтарымсыз грантқа ие болды.

2019 жылдың желтоқсан айында басталған округ орталығына «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында талшықтық-оптикалық интернет желiсін жүргізу жұмысының нәтижесінде округ әкімшілігі, Алғабас ЖОББ мектебі, дәрігерлік амбулатория ғимараттарына интернет қосылды.

Сонымен бірге Алғабас, Тоған, Жаңажол ауылдарынан көп жылдан бері қордаланған 5000 тоннадан астам күл қоқыс ауыл сыртындағы арнайы полигонға шығарылды

Ақжайық аудандық газ шаруашылығы мекемесінің қолдауының арқасында Алғабас ауылындағы жалғыз басты ананың үйіне газ құбыры тегін кіргізілді.

Базартөбе

2020 жылы ірі қара саны 4304 басқа жетті, өткен жылмен салыстырғанда 2 %-ға, қой-ешкі 8743 басты құрап, 1,2 %-ға, жылқы 1497 басқа, яғни 2 %-ға артқан.

2020 жылы 17 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу межеленсе, иеліктердің табынына 9 бас бұқа қосылып,  жоспар 53 пайызға орындалды. Мүйізді  ірі қара  аналығымен  тұқымдық  түрлендіру  жұмыстарына 369 бас қатысты. «Бегарыс» шаруа қожалығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы арқылы 11 млн тг несие алып, 25 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын сатып алды. Ал «Саясат-Әли» қожалығы  «Ақжайық Агро» несие серіктестігі арқылы «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 100 млн теңге несиеге қолжеткізіп, қазіргі уақытта  тауарлы жылқы және ірі қара мал басын сатып алу бағытында жұмыстануда.

Мұнда шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 50-ге жеткен. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 4 тұрғын арнайы курстан өтті.  Мемлекеттік грант иеленген адамдардың 2-і жеке кәсіпкер және 2-і өз-өзін жұмыспен қамтушы ретінде тіркелді.

Есепті жылы Қызылжар және Қадырқұл елдімекендеріне таза ауыз су құбырын тарту, Базартөбе ауылына су құбырын қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, Қадырқұл елдімекенінде 42, Қызылжар елдімекенінде  56 және Базартөбе ауылында 196 тұрғын үй таза ауыз сумен қамтылды.

Базаршолан

Мұнда есепті кезеңде кәсіби білім алуға 3 адам жолданып, 5 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Ақылы қоғамдық жұмысқа жоспар бойынша 104 адам кезекпен тартылды. 1 отбасыға 100 236 теңге көлемінде  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Есім ауылына газ құбыры жеткізіліп, 7 үй көгілдір отынды баспаналарына кіргізіп алды.

Коронавирустың таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер ауылдың аз қамтылған, көп балалы отбасыларына демеушілік көрсетті. Айталық, 1990 жылғы азаматтар ірі қара малының етін аз қамтылған 5 отбасыға таратып берсе, 1989, 1994 жылғы азаматтар азық-түлік тауарларымен мұқтаж адамдарға жәрдемдесті. Шаймардан Сағынғалиев оттегі концентраты аппаратын ауылдық амбулаторияға табыстады.

Бударин

Ауыл шаруашылық мақсатындағы субъектілердің пайдаланудағы жерлерін  Qoldau.kz порталындағы «Минагро» бағдарламасының дерек қорына округтегі шаруа қожалықтары және серіктестіктердің жерлері енгізілді. 16 шаруа қожалығы 44 бас асыл тұқымды бұқа, 72 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, демеуқаржыға ие болды. 4 қыстаққа баламалы қуат көзі орнатылды және 1 шаруа қожалығы  құбырлы құдық соқтырылды.

Денсаулықтарына және отбасы жағдайына байланысты есепті жылы 19 адамға бір жолғы материалдық көмек тағайындалса, жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы, мүгедек  23 адамға жеңілдетілген отынмен көмек берілді. Төтенше жағдай кезінде жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, мектеп түлектері мен ауыл тұрғындарының қолдауымен қолдауға зәру ауылдастарға 1 млн 44 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Шартты шартсыз атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 10 айда 15 отбасы 3 млн 476  мың 840 теңге ақшалай көмек алды

Есепті кезеңде Коловертное елді мекеніндегі фельдшерлік пункт күрделі жөндеуден өткізілді. Ауылдың солтүстік-батыс бағытындағы мал табынын суаруға терең ұңғымалы құдық соқтырылып,  судың мәселесі шешімін тапты.

Есенсай

Мұнда  ірі қара малы 4555, қой мен ешкі 6461, жылқы 1441, құс 687 басты құрады. Тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 16 шаруа қожалығы, 2 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі қатысты. 2 шаруа қожалығы қоғамдық табынға 5 бас асыл тұқымды бұқасын қосып, жеке тұрғындардың иелігіндегі түліктің тұқымдық сапасын жақсартуға мүмкіндік туды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасымен 4 ауыл тұрғыны грант жеңіп алып, өз кәсіптерін ашты. 2020 жылы ақылы  қоғамдық  жұмысқа 72 орын бөлініп, кезек бойынша 65адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Есепті мерзімде 6 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша тәжірибеден, ал 4 тұрғын  кәсіби оқудан өтті.

2019 жылы басталған ауыз су жүргізу жұмыстары аяқталып, Кеңсуат ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. «Өңірлерді көгалдандыру және абаттандыру бағдарламасы» аясында «Алихан» жеке кәсіпкерлігімен келісім шарт жасалып, Есенсай ауылынан 150 тонна қордаланған күл-қоқыс шығарылды. Есенсай ауылының 1985 жылғы мектеп түлектері  ауылдық мешіттің төбе жабыны мен күмбезін ауыстырса,  Кеңсуат ауылының 1994 және 1997 жылғы түлектердің  қолдауымен «Асық алаңы» салынды және 2000 жылғы мектеп түлектері «Менің сүйікті Кеңсуатым» тақтайшасын орнатты.

Жаңабұлақ

Округте 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 68 шаруа қожалық, 10 кәсіпкер тіркелген. Жылдық санақ бойынша ірі қара малы 5699 бас, қой мен ешкі 20310 бас, жылқы  2784 бас, түйе 1 басты құрады.  Мал басын асылдандыру мақсатында округ бойынша қожалықтар 70 бас асыл тұқымды  бұқа, 42 бас қошқар, 60 бас асыл тұқымды қашар малын сатып алды. Есепті жылы 2 иелік ірі қара малын көбейту мақсатында 134,2 млн теңге несие алса,  асылдандыру және тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 63 млн 603 мың теңге көлемінде демеу қаржы төленді.

2020 жылы ауылдық округ бойынша 82 жаңа жұмыс орны ашылып, 18 адам тұрақты жұмысқа, 64 адам маусымдық жұмысқа орналасқаны – құптарлық жұмыс. Жыл басынан бері мекемелер мен ұйымдардың демеушілігімен 38 отбасына қайырымдылық көмегі көрсетілді. 15 адамға біржолғы материалдық көмек тағайындалды.

Мұнда таза ауыз сумен баспаналар толығымен қамтылған, аулалардың 60 пайызы техникалық сумен қамтамасыз етілді.  Осы жылы техникалық суды әр үйге жеткізу жоспарланды. Сонымен қатар Орал-Атырау тас жолының Жаңабұлақ ауылына дейіңгі 6 км жерге асфальт жол төселді. Жаңабұлақ ауылында екі пәтерлі тұрғын үй салынып салынып, кезекте тұрған көп балалы отбасыларға берілді.

Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының арқасы – ауыл ішінде алымды жұмыстар атқарылып, абаттандырылды. Айталық, ауыл зиратына барар жолға асфальт төселіп,

«Еске алу» саябағы жаңғыртылуда

Жамбыл

Есепті кезеңде бұл ауылдық округте атқарылған жұмыстар легі ауқымды. Алдымен осы округтегі Жамбыл, Үштөбе, Бітік ауылдарына көгілдір отын құбырларының, сонымен қатар Жамбыл ауылына таза ауыз судың жеткізілгенін айта кету керек. Ауылдық округ орталығында жаңа спорт алаңы бой көтеріп, спорттың бұқаралылығының артуына толық жағдай жасалды. Ал көптен жөндеу көрмеген Мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өткізілуі – есепті кездесулерде көтерілген мәселелердің шешімін тапқанының бір көрінісі.

Бүгінгі таңда байланыс желісінің ахуалы, интернеттің жылдамдығы заман ағымына ілескен ауыл-елді мекен тұрғындарын алаңдататын жайттардың бірі. Округ орталығында көпшіліктің тілегімен Аctiv ұялы байланыс операторының мұнарасы орнатылғаны да – жыл нәтижесі.

Әрине, ауқымды құрылыс жұмыстарына ауыл азаматтары тартылып, маусымдық қызметпен қамтылды.   Биылғы жылы жаңа 45 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, оның сыртында 12 адам округ  аумағында атап өткен құрылыс жұмыстарына тартылды. Сонымен бірге 100 адам қоғамдық жұмысқа қабылданып, жастар тәжірибесімен 4 маман еңбек жолындағы алғашқы қадамын бастады.

Көнеккеткен

Ірі қара малының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстарымен биылғы жылы 14 шаруа қожалығы және «Көнеккеткен» ауыл шаруашылық тұтыну кооперативі жұмыстанып, тұқымдық түрлендіруге қатысқан. Ірі қарадан 980 бас аналық және 34 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынып, ұсақ малдан 6 қошқар сатып алынып, субсидияланды. Мұнда жеке мал бағымы 2 бағытта ұйымдастырылған, әрқайсысында ұнғымалы құдық соқтырылып, мал суару мәселесі жолға қойылды. Жеке бизнес секторындағы жұмыс берушілер қызметкерлерін заң жүзінде ресми тіркеуге бет бұруда. Мәселен, 18 шаруа қожалығы, 1 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі және 2 жеке кәсіпкер 38 жұмысшымен электронды келісім шарт жасап, Еnbek.kz порталына енгізілді.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасына 3 қожалық қатысып, 18 млн 255 мың теңге көлемінде инвестициялық субсидияға қол жеткізді. Минагро бағдарламасы бойынша 20 шаруа қожалығының 25 541 га жер электронды QOLDAU порталына енгізілді.

2013 жылдан бері қосымша балық кәсібімен айналысатын «Әліп» шаруа қожалығы өткен жылы Ащы өзеніне 7050 дана тұқы шабақтарын жіберді.

Есепті жылы мекемелер мен ауыл жастарының, кәсіпкерлердің демеушілігімен 132 адамға 1 млн 338 мың теңгенің және 8 шаруа қожалық жетекшілерінің демеушілігімен өз қызметкерлеріне 3 млн 900 мың теңгенің қаржылай және материалдық көмегі көрсетілді.

Жалпыұлттық «Біз біргеміз!» акциясы аясында қайырымдылық шарасына үн қосқан еріктілер  26 отбасыға  азық-түлік тауарларымен  қайырымдылық көмек берді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» акциясын қолдау мақсатында округ бойынша 39 отбасыға 552 мың теңге көлемінде азық-түлік, киім-кешекпен көмек ұйымдастырылды.

Қабыршақты

Округте 26 шаруа қожалығы, 2-і заңды тұлға, 8 жеке кәсіпкер, 1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жұмыс жасайды. 2 ауыл тұрғыны қайтарымсыз грант алып, кәсіпкер ретінде өз кәсібін ашты.

2020 жылы 5 шаруа қожалығы  14 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. 1 ауылшарушылық кооперативін 9 шаруа қожалығында 875 бас аналық ірі қараны тұқымдық түрлендірумен қамтылып отыр.

Мұнда ұжымдық бау-бақша егу жұмыстары жолға қойылған. Айталық 6,5 га. жерге бау-бақша егіліп, тұрғындар өнімдерін игілігіне пайдаланды. Қабыршақты ауылы «Көшім» өзені жағасында орналасқандықтан,  әрбір аулаға өзеннен құбыр арқылы техникалық су жеткізу жұмыстары жалғасын тапты.

Қарауылтөбе

Округте ірі қара малы 4836, қой мен ешкі 6910 жылқы 1527 түйе 3 басты құрайды. Жыл басынан бері бруцеллез ауруына шалдыққан   94 мүйізді ірі қара мен 4 бас ұсақ мал жойылды. Малды асылдандыру мақсатында 1 ЖШС және 7 шаруа қожалығы 35 асыл тұқымды бұқа сатып алып, мал басын түрлендіруге қатысты. Округте өткен жылы жаңадан 2 қожалық құрылып, 1 жеке кәсіпкер тіркелген. «Айқын» ш/қ 100 бас қазақтың ақ бас  сиырын сатып алып, кәсібін жандандырды. Округ бойынша 2020 жылға ақшалай инвестиция 36 млн теңгені құраса, жалпы инвестиция құны 71 млн 100 мың теңгені болды.

Бау-бақша салған аула саны- 63, оның 1,0 га картоп, 1,2 га көкөніс, 0,5 га бақша өнімдері егілді. Осыған дейін 25 үй, 3 мекеме техникалық сумен қамтамасыз етілген болса, есепті кезеңде 40 үй қоныстанған Б.Момышұлы көшесіне Жайық өзенінен 1100 метр пластикалық тұрбамен су тартылды.

Жұмыспен 28 адам қамтылса, соның ішінде  тұрақты  жұмысқа 19 ауыл тұрғыны орналасты. Сонымен бірге «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында 9 адам  қайтарымсыз грант ұтып алып, жүн  түту, көрпе  жасау, мал өсіру, ағаш  өндеу, құрылыс  заттар  шығару кұс  өсіру  кәсіптерін  ашып  жұмыстануда.

Округтегі тұрғындар мен ауыл түлектерінің бастамашылдығы да қуантады. Айталық, ауыл азаматтары бірігіп, саябаққа 800 метрлік қоршау орнатса, ауылымыздың  қүрес  залына жуынатын  бөлме салып берді.

Округте  2020  жылы  ауылдық дәрігерлік амбулатория  күрделі жөндеуден  өтіп,  халықтың  игилігіне қызмет  көрсетуде.

Жинақтаған Әсел САҒЫН

(өзге ауылдық округтерде атқарылған жұмыстар легімен газетіміздің келесі санында таныса аласыздар)