1.02.2021, 10:00
Қараулар: 57
Біліммен келген мерей

Біліммен келген мерей

Шәкірттерінің жетістігі ұстаз үшін де, мектеп үшін де әманда үлкен қуаныш, еңбектерінің нәтижесі. Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Жеңіс Құрманғалиев әрдайым өзінің білімімен мұғалімдері мен ата-анасын мерейге бөлеп, талай додада топжарып жүр. Ол  5-6 сынып оқушыларына арналған қашықтықтан ұйымдастырылған республикаликалық пәндік олимпиадасында да ұстаздарының үмітін ақтап шықты. Алдымен мектепішілік кезеңде, артынша аудандық, облыстық турларда жеңістің ең жоғары тұғырынан көрініп, республикалық кезеңге жолдама алды. Осы ретте математиканың қыр-сырын меңгертіп, білім сайысында жоғары көрсеткіш көрсетуі үшін барын салған математика пәнінің мұғалімі Майя Нұртазиеваның да еңбегін айта кету керек.

Қашықтан ұйымдастырылса да, салмақты жарысқа тыңғылықты дайындалған ол республикалық кезеңде замандастарынан оқ бойы оза шауып, ll орынды қанжығасына байлады.

Мектебіміздің мәртебесін көтеріп, білімімен көзге түскен Жеңіс пен оның ұстазын құттықтап, бағындырар белестеріңіз биіктей берсін деп тілейміз

Айнажан САРСЕНБАЕВА,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ЛБІШІН