8.02.2021, 9:48
Қараулар: 48
Елбасының алғыс хатымен марапатталды

Елбасының алғыс хатымен марапатталды

Өткен аптаның бейсенбісінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан штаб мүшелері, сенімді  өкілдері қатарындағы 47 белсенді Елбасының алғыс хатымен марапатталды. Осыған орайластырылған салтанатты шараны  партияның аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева ашып жүргізді.

— Баршаңызға атқарылған жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздердің тындырымды еңбектеріңіздің арқасында маңызды саяси науқан тиімді, әрі нәтижелі өтті. Үлкен жеңісте әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз мол. Әлемді жаулаған аты жаман індетке қарамай, сан қырлы жұмыс жүргізіп, белсенділік таныттыңыздар. Еліміздің дамуына қосқан еңбектеріңіз партия лидері – Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен қошеметтелуде. Бұл марапатпен шын жүректен құттықтаймын,-деді ол.

Аталған жиналыс барлық сақтық шаралар сақтала отырып, өткізілді.

Азамат ҚАНАПИЯ