8.02.2021, 10:16
Қараулар: 50
Кітапты насихаттаған жүздесу

Кітапты насихаттаған жүздесу

Адам рухани қазына байлықты кітаптан алады.  Жуырда сынып жетекшіміз Жанна Құбашқызы «Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы» тақырыбында мектебіміздің кітапханашысы Роза Жұмабекқызымен кездесу сағатын өткізді. Кездесу сағатында мұғаліміміз алдымен кітаптың адамның дүниетанымын арттырудағы маңызы,  ғылым мен білімнің пайдасы жайлы кеңінен түсіндірді. Ал кітапханашы Роза Жұмабекқызы осы тақырыпқа орай «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» кітап көрмесімен, сонымен қатар кітапханамызға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Инновациялық сөйлейтін қалам, даналық әліппесі сынды кітаптар топтамасы аса ұнады. Оқушылар кездесу сағатында өздеріне керекті сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.

«Оқуға құштар мектеп» жобасының «Өзің оқып, өзгеге ұсын» бастамасы аясында мен ақын-жазушы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабын оқып, сыныптасым Анэльге табыстадым. Бұл жобаның артықшылығы – ол оқушыны көпшілік алдында шешен сөйлеуге, эссе жазуға қанаттандырады.

Қазіргі технологиялар тартысқа түскен жаһандану заманында кітапқа деген қызығушылықты арттыратын осындай жобалар ұйымдастырып, сынып сағаттарын үзбей өткізетін сынып жетекшім мен кітапханашы апайға алғысымыз зор.

Айнара ОРАХАЙ,

оқушы,

БАЗАРТӨБЕ