22.02.2021, 9:29
Қараулар: 9
Сенімге селкеу түсірмеу қажет

Сенімге селкеу түсірмеу қажет

Апта дүйсенбісінде «NurOtan» партиясы ауданық филиалының төрағасы Қалияр Айтмұхамбетов саяси кеңес бюросының отырысын өткізді.

Отырыста төрағаның орынбасары Айжан Нысанбаева хабарлама жасап, күн тәрбіне партияның аудандық филиалы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдау, сонымен бірге партияның сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарын бекітуді ұсынды. Аудандық бағдарламада 7 бағыт бойынша құрылыс жұмыстарынан бастап, жұмыспен қамтуға дейінгі көрсеткіштер енгізілген 114 іс-шара қатастырылған. «Негізінен бұл бағдарламаға праймериз, сайлауалды үгіт-насихат кезінде тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-тілектер сарапталып, енгізілді. Бұл алдағы 5 жылға атқаратын жұмыстарымыздың бағдары іспеттес. Оның орындалуын аудандық мәслихаттағы фракция депутаттары қатаң бақылауға алуы тиіс. Жоспарда көрсетілген шаралардың тек 27 пайызы ғана қаржыны талап етеді.

«Біздің мақсат – партияға деген халықтың сеніміне селкеу түсірмей, межелеген жоспарды орындау. Сондықтан қазірден бастап әр көрсеткіш, әр индикаторды орындауды ойластыра берген абзал», – деген филиал төрағасы жауапты жұмыста фракция мүшелерінің белсенділігін әлде де арттыру керектігін қаперге салды.

Саяси кеңес бюросының мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді бір ауыздан мақұлдап, ұсынылған жоспарды бекітті.

Өз тілшіміз