22.02.2021, 9:52
Қараулар: 182
Бала тілегі

Бала тілегі

Осыдан 4 жыл бұрын қазақтың ұлы ойшылы Абайдың есімін иеленген мектеп-гимназияның шәкірті атанғандағы қуанышымды әлі күнге сөзбен айтып жеткізе алмастаймын. Расында да, оқытуы да, тәрбиесі де озық білім ордасында өткізген әрбір күнім мен үшін үлкен мерей. Ұстаздарды айтсаңызшы, ғаламның бар білімін бала бойына сіңіруге жан-дүниесін арнаған жандар десем, артық болмас. Ал таудың тасындай іріктелген замандастарыммен ой таластырып, біліммен жарысатынбыз.

Ал қазір әлемді жаулаған індеттің салдарынан карантин жарияланып, барша ел үш қиын күндер өтуде. Осындай уақытта бәріміз де үйдеміз.  Күнделікті жиналып, мектепке қарай асығатын күндерді сағындым. Мектебімді, ұстаздарымды сағындым. Екінші үйімізге айналған мектепке аяқ баса алмай біз үшін қиын екен.

Өткен жылдың соңында гимназия ұжымы мен біздер, оның оқушылары үшін арман болған жаңа ғимараттың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. ғимараттың ашылу салтанаты болғанымен, онда барып, партада отырып оқу дәл қазір арман болып тұр. Десе де, осындай қиын уақыттарда білім беруді тоқтатпаған ұстаздарыма алғысым шексіз. Олар мектепті сағынған бізді үнемі демеп отырады. Түрлі шаралар мен мерекелер онлайн түрінде өтуде. Сүйікті мектебіміз үйден отырып-ақ шараларда белсенді болуға мүмкіндік беріп отыр.

Менің бір ғана тілегім бар – бейбіт күнде елді әбігерге салған мына індет аяқталып, әрбір оқушы мектебіне, өзінің ұстаздарына оралса екен деп тілеймін. Әлемде бір ғана өзгермейтін қағида бар: әрбір бала мектепте білім алып, ұстаздың алдын көру керек. Сонда ғана тәрбие толымды, білім кемел болады. Жақсы күндер де келер, ал мен сол күндердің тезірек туғанын қалаймын. Сағынған жаңа мектебімнің есігін ашқым келеді.

Аруна ЗАЙДУЛЛИНА,

7 сынып оқушысы.

ЧАПАЕВ