1.03.2021, 9:49
Қараулар: 61
Тұрғындарды кезекті қабылдау

Тұрғындарды кезекті қабылдау

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында филиал төрағасы, аудан әкімі Қалияр Аймұхамбетов бірқатар бөлім, мекеме жетекшілерінің қатысуымен тұрғындарды кезекті қабылдау жүргізді.

Қабылдауға ауданның 8 тұрғыны келді. Олардың басым бөлігі тұрғын үй,  жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік, сонымен қатар ауылды абаттандыру мәселелерін көтерді. Қабылдау барысында берілген сұрақтар бойынша заң аясында ұғындыру жүргізілді. Бірсыпыра сауалдар бойынша құзырлы органдармен байланыс жасалатын болады.

Өз тілшіміз