1.03.2021, 10:01
Қараулар: 160
#STOPCOVID19

#STOPCOVID19

Американдық ғалымдар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарда кездесетін буындар мен бұлшықет ауырсынуына қатысты түсініктеме тапқан.

Университет ғалымдары Northwestern Medicine клиникалар желісі дәрігерлерімен 2020 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін ретроспективті зерттеу жүргізген. Зерттеуге Чикагодағы солтүстік-батыс мемориалдық ауруханасындағы науқастар қатысты.

Компьютерлік (КТ), магнит-резонанстық томография (МРТ) және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) көмегімен мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырып жазылғанyан кейінгі буындар мен бұлшықет ауырсынуы белгілері көбінесе ағзаның аутоиммундық реакциясымен байланысты екенін анықтады. Олардың пікірінше, коронавирус инфекциясы денені өз-өзіне шабуыл жасауға мәжбүрлейді.

«Біз коронавирус денені өз-өзіне шабуыл жасауға мәжбүрлейтінін анықтадық. Бұл ревматологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Кейін ұзақ уақыт емделуге тура келеді», — деді Солтүстік-Батыс Файнберг университеті медицина мектебінің тірек-қимыл радиологиясы доценті Свати Дешмук.

Сарапшылар СOVID-19 жұқтырғаннан кейінгі асқынулар, оның ішінде ревматоидты артрит, аутоиммунды миозит немесе саусақ фалангтарының қабынуы дәл осы «дененің өзіне шабуылдауы» нәтижесінде болатынын айтты.

Ғалымдардың пікірінше, науқастың көбі қалыпқа келеді, дегенмен кейбір науқаста белгілер ұзаққа созылады. Мұндай жағдайларда бұл нервтердің зақымдануына, қан ағымының бұзылуы немесе қан ұйығыштығына әкелуі мүмкін.

***

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович адамдар қауіпсіздік шарасын сақтамаса, коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталатынын айтты. «Екінші толқын. Иә, қазір дүние жүзі бойынша көрсеткіш төмендеп келе жатыр. Ұжымдық иммунитет әлі толық қалыптаспады. Егер қауіпсіздік сақтамасақ, үшінші толқын болуы мүмкін. Ол адамдардың сақтық шараларын сақтауына байланысты», — дейді ол.

***

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынған адамдардың жағдайын айтты. Ведомство мәліметінше, кей адамда дене қызуы көтеріліп, тұмау секілді симптомдар пайда болған. Дегенмен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері елде коронавирусқа қарсы иммундаудан кейін қолайсыз жағдайлар тіркелмегенін хабарлайды.

Одан бөлек, вакцинаны салу нұсқаулығында көрсетілген кей реакция болуы мүмкін деп болжанып отыр. Ол ине салынған жердің қызаруы деген секілді реакциялар. Сонымен қатар, дене қызуының көтерілуі және тұмау симптомы секілді жалпы реакциялар да тіркеліп жатыр.

Мұндай реакциялар вакцина салынғандардың 10 пайызында  ғана байқалған.

Ақпарат ғаламтордағы дереккөздерден алынды