1.03.2021, 17:46
Қараулар: 75
Педикулез

Педикулез

Педикулез – немесе биттеу  деп  адам  денесінде  және басында биттердің  арнайы  паразиттік  жолмен  тіршілік  етіп, оның  қанымен  қоректенуін  айтамыз. Педикулез – ауру адаммен   қатынаста   болған  жағдайда, тіпті  әлеуметтік  жағдайы  жақсы, жеке  бас  тазалығына  көңіл  бөлетін   адамдарда  да  пайда болуы  мүмкін. Педикулездің  негізгі  белгісі – зақымдалған тері  бөлігінің  қышуы. Бит бастың шаш бөлігінде, әсіресе  самайында, желкесінде және төбесінде өмір сүріп көбейеді. Педикулез  ауруын  жұқтыру  қаупі  көбінесе  мектеп  жасына  дейінгі  және мектеп  жасындағы, мяғни  ұжымдардағы,көп  адамдармен  қатынаста  болатын балаларда, сонымен қатар халықтың әлеуметтік  халі  нашар  топтарда тіркеледі. Бастағы биттер адамнан адамға  бас киім, тарақ, орамалмен  беріледі. Ұжымда, балалар  мекемесінде, қарапайым  жеке  бас  тазалығын  сақтамаған  жағдайда, яғни  киім-кешек  пен  төсек орындарын, тарақты  ортақ  пайдаланған  жағдайда  жұғады.Дененің  биттеуі  кезінде, науқас  сабынмен  жуынып, киімдерін, төсек жаймаларын жиі  ауыстыру тиіс. Киімдері мен  төсек  жаймалары  қайнатылып  жақсылап  үтіктелу керек.

Педикулездің  алдын-алу шаралары негізінен,  жеке  бас гигиенасы  ережелерін  сақтау  болып  табылады:

—   7 күн сайын  суға  шомылу;

—   7-10 күн сайын  киім-кешек пен  төсек жабдықтарын  ауыстырып  отыру;

—  уақытында  шашты  қиып, күнделікті  шашты  тарау, жеке  тарақты  пайдалану;

—    бөгде  адамдардың  бас  киімін  кимеу  және  жеке   заттарын  пайдаланбау;

—   бас  қышыған  жағдайда  шашты  мұқият  қарау;

—   сыртқы  киімдерді, төсек-орындарды әрдайым  тазалап, ұқыпты  ұстау;

—   бөлмені  тұрақты  түрде  тазалап, үй жиһаздарын  тазалау;

—   балалар  ұжымдарына  баратын  балалардың  шашы  мен киімдерін, жеке гигиена заттарын, төсек орындарын   үнемі тексеріп  тұру;

Ақжайық  ауданы  бойынша

Педикулезбен  зақымданған  ауруды  уақытында  анықтау және оны оқшаулау – аурудың  одан  әрі  таралмауының тиімді  шарасы!

 

Ақжайық аудандық санитариялық-эпидемиологилық

бақылау басқармасының жетекші маманы                            Л.К.Менжулова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар