9.03.2021, 11:17
Қараулар: 189
Бастысы – бала саулығы

Бастысы – бала саулығы

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған бір ғана мәселе – мектептердегі санитариялық талаптардың сақталуы, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау бойынша атқарылған шаралар. Бұл жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Біржан Сабыров баяндады.

Қазіргі таңда мектептерде карантин және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим енгізілуіне байланысты қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылып, жеке қорғаныс құралдарын, антисептикалық заттарды қолдану ережесімен барлығы танысқан. Сынып жетекшілері де ата-аналарға антисептикалық құралдарда пайдалану туралы жадынамалар таратып, оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен қызметкерлер мектепке келгенде тексерістен өтіп, маска тағу, оны уақтылы ауыстыру, арақашықтықты сақтау сынды қағидаларды ұстануда.

Т.Габдушев көтерілген мәселе бойынша мектептерде пайдаланылған карантиндік талаптарға сай маскаларды жою алгоритмін сақтау қажеттігін тағы да еске салды. Ол сонымен қатар арнайы мониторингтік топтар құрып, шектеу талаптарының орындалуы қадағалау жөнінде тапсырма берді.

Әсия ШЫРАЙ