9.03.2021, 11:31
Қараулар: 124
Жұмысын ұршықша иірген

Жұмысын ұршықша иірген

Ел болашағы білімді жастардың қолында екені белгілі.Ал білімді ұрпақ тәрбиелеуде мектептер мен ол жерде еңбектенетін ұстаздардың  біліктілігі мен шәкірттердің білімін қадағалап түрлі байқаулар ұйымдастырып отыратын ол жергілікті білім бөлімінің қызметкерлері. Осы орайда аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісі Әлия Сапарғалиеваның үлесі мол, жетістігі аз емес. 

Ол Қ.Досмүхамбетов атындағы Орал педагокикалық коледжін қызыл дипломмен тәмамдап Батыс Қазақстан  гуманитарлық академиясының тарих және география факултетіне оқуға түседі. Еңбек жолын Әлия Чапаев ауылындағы №2 қазақ орта мектебіне (қазіргі М.Әуезов атындағы) тәлімгер болып бастайды. Сол кездері жас тәлімгерден алған білімдерін санасына сіңірген оқушылардың бір-екеуі ауылдарда мектеп директоры болып жемісті еңбек етіп жүргенін айтады өзі. Ұстаздық қызметте жүргендері де бар.

Он үш жыл атқарған білім ордасындағы тәжірибесі соңынан аудан орталығындағы «Бөбек» балабақшасына әдісер жұмысына пайдасын тигізді. Бұл жерде де басшымен бірігіп атқарған жұмыстар оң нәтежиелер көрсетіп, бөбектер мекені  жақсы істермен алға қадам басады. Осындай қажырлы еңбектің арқасында  2006 жылы аудандық білім бөліміне әдіскер, содан соң әдістемелік кабинет меңгерушісі болып ауысты. Жоғарыда айтып кеткеніміздей білім ордаларындағы ұстаз дар мен оқушылардың білімімен, біліктілігін тексеретін сайыстар ұйымдастыру республикалық,облыстық пән олимпиядаларына оқушылар даярлауда ұстаздар мен қатар осы лауазымның ықпалы мен міндеті жоғары болып саналады.

Әлияның облыс көлеміндегі іс-шараларға ауданымыздан баратын оқушылармен бірге барып, олардың жоғары деңгейді бағындруына өз септігін тигізіп  жүретінін айтады әріптестері мен ата-аналар. Бұндай ыждағаттылықпен атқарған жұмыстар өз саласы бойынша еленіп жатса нұр үстіне нұр емеспе?. Ол солай болды да. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталады. Сондай ақ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаты, білім және ғылым министрлігі әлемінің алғыс хаты, «Үздік әдіскер» аталымдарын иеленген. Аудандық білім бөлімі атынан өзі қатысқан байқауларда да Әлия Қабдоллақызы топ жарып, жақсы жетістіктерге жеткен. Оған қоса облыс орталығында әр жылдары өткен  «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» атты байқауда 3 орын «Жаңашыл сынып жетекші» байқауында 3-орын, «Үздік тәлімгер» байқауында 2 орын тағы да басқа көптеген марапаттардың иесі.

Айтулы мерекелер қарсаңында білім бөлімінің білікті қызметкері жайында осындай деректер ұсындық. Ұрпаққа білім беру жолында атқарған берекелі істер жалғасын таба берсін дейміз.

Әсет САҒЫНДЫҚ