9.03.2021, 11:40
Қараулар: 111
Білім бәсекесіндегі жетістіктер

Білім бәсекесіндегі жетістіктер

22-27 ақпан қүндері аралығында жалпы пәндер бойынша республикалық дәстүрлі олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Оған алдымен мектепшілік, одан соң аудандық олимпиададан сүрінбей өткен, әр ауыл мектептерінен 20 оқушы қатысты. Аталған білім бәсекесінің негізгі мақсаты еліміздегі білім берудің беделін арттыру және дарынды балаларды анықтау. Олимпиада М.Әуезов атындағы орта мектепте өтті.

Бес күнге созылған білім додасының нәтежиесі бойынша 6 оқушы жүлдегер атанып, 5-еуі облыстық білім басқармасының дипломдарына ие болды. Атап айтар болсақ, Тайпақ орта мектебінен Әлішер Сұлтангереев физика пәні бойынша II орын, Абай атындағы мектеп-гимназиянан информатика пәнінен Әлішер Серікқан III орын, Аян Рамазан III орын,  Гүлсана Мақсотова қазақ тілі әдебиеті пәнінен III орын, Қ.Байсыков атындағы орта мектептен Аңсағаным Сарсенғалиева география пәні бойынша III орын және  №1 орта мектептен Анна Андрющенко орыс тілі мен әдебиеті бойынша III орынға ие болды. Сондай-ақ, Абай атындағы мектеп-гимназиясынан Назира Амантаева, Гүлзат Жасұланова, Сарытоғай орта мектебінен Қарақат Дайын,  Қ.Байсықов орта мектебінен Айзере Мұрат, Бударин мектеп бөбекжай кешенінің оқушысы Жанар Мұрат арнайы дипломмен марапатталды.

Осы білім бәсекесінде оқушыларды дайындауда пән мұғалімдері мен ата-ананың еңбегі зор. Біздің ауданның дарынды оқушылары әлі талай белестерді бағындырып, білім шыңына шыға береді деген сеніміміз зор.

Әлия ҚАБДОЛЛАҚЫЗЫ,

аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісі