15.03.2021, 10:37
Қараулар: 43
Жемқорлықтан адалдық шегіндіреді

Жемқорлықтан адалдық шегіндіреді

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. «Базартөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде  әр мекеме  қызметкерлерінің  қатысуымен осы кесапатты болдырмау мақсатында дөңгелек үстел жиі өткізіледі. Шаруа қожалық , жеке кәсіпкерлермен бас қосқанда, заң талаптары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық қолдау көрсетіні ескертіледі. Сонымен қатар қоғамдық кеңестерде, түрлі жүздесулерде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның себеп-салдарлары қозғалады.

Халыққа ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үндейтін аудиожазбалар мен бейнероликтер  әлеуметтік желілерге (facebook парақшасына) үнемі жүктеліп,  көпшілік жерлерде ақпараттық баннерлер орнатылды. Жалпы мемлекеттің өркендеуі сыбайлас жемқорлықсыз даму бағытында барлық тиісті шаралар қабылдауда. Бұл істе, ең алдымен, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне көңіл аудару маңызды. «Адалдық алаңы» жобасы аясында оқушыларға жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты насихаттау мақсатында мектепте «Адалдық дүкені» қызмет көрсетеді.

Ауданда құқықтық кеңестер, атқарылған жұмыстар , халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары  бойынша  құрылған ағартушылық штабтың округтегі мүшесі  биыл 5 наурызда тікелей эфирге шықты. Округ әкімі Боранбай Қыдырғожин халықпен ашық байланыс орнату мақсаында әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы тұрғындардың сауалына жауап берді.

Аппарат қызметкерлерімен құқықтық оқу, дөңгелек үстелдер де – жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоюдың бір тәсілі. Сондықтан мекемеде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тоқсан сайын  жүргізіліп, қорытындысы аудан әкімі аппаратына уақытылы ұсынылып отырады.

Ләззат Темірғалиева,

бас маман.

БАЗАРТӨБЕ