15.03.2021, 10:43
Қараулар: 75
Кудо біріншілігінде

Кудо біріншілігінде

Орал қаласында кудо спорт түрінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында облыстың ашық біріншілігі өтті. «Олимпия» спорт залында өткен айтулы жарысқа тоғыз командадан жүзге жуық спортшы қатысты. Солардың қатарында біздің ауданнан «Алшын» спорт клубының 16 өрені болды.  Жарыстың ашылу салтанатында Куда спорт федерациясы президенті Н.Таленов сөз сөйлеп, аталған спорт ережесін түсіндіріп өтті.

Екі күнге созылған спорт бәсекесінде біздің жігіттер келесідей нәтиже көрсетті. Сейтжан Бисенбайұлы (38 кг.), Ғариполла Жанел І орын (71 кг), Серік Ержан (26 кг.), Бақытжан Бахтияр ( 42 кг.) ІІ орын, Ерхат Алмасұлы (23 кг), Ерасыл Алпамысұлы (+36 кг), Халел Нұраділ (35 кг) Талапқали Бекзат (42 кг.) ІІІ орынға ие болды.

Бәсекеге қатысқан спортшыларға «Жігер» спорт клубы және ата-аналар қолдау көрсетіп, демеушілік етті.  Орын алған спортшылар диплом, медаль және сыйлықпен марапатталды.

Берік БАЙМУРЗИН,

«Алшын» спорт клубының жетекшісі