24.03.2021, 9:27
Қараулар: 43
Жаңа Кодекс түсіндірілді

Жаңа Кодекс түсіндірілді

Апта сейсенбісінде аудан әкімі аппараты басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Рахметуллиннің төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Кеңеске аудан прокуратурасының аға прокуроры Нұрлыбек Жағыпаров, ауылдық округ әкімдері, мекеме-бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында ағымдағы жылдың 1 шілдесінде күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі түсіндірілді.

Сондай-ақ кеңеске қатысқан дербес бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдері мен мамандарына аппарат басшысы Р.Рахметуллин мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын сақтау барысы және Еңбек кодексі талаптары туралы айтып өтті.

Семинар-кеңес барысында сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Өз тілшіміз