24.03.2021, 9:33
Қараулар: 41
Әкімдік отырысында

Әкімдік отырысында

Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысының күн тәртібінде ауыл-елдімекендерді абаттандыру, жол көлік оқғиаларының алдын алу, өзге де өзекті мәселелер қарастырылды.

Мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысқан жиында аудан басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тартудың 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды. Бұл құжатта несие мен грант арқылы кәсібін жүргізуге ниетті азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету, бизнес өкілдерінің облыстық-респуликалық жәрмеңкелерге қатысуын ұйыдастыру, ауданның инвестициялық картасын сүйемелдеу қарастырылған.

Қатысушылардың назарына күре жолдардың бойында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша шұғыл атқарылуға тиіс жұмыстар да ұсынылды.

Қ.Айтмұхамбетов ауылдарды абаттандыру, соның ішінде аудан орталығын «Үлгілі елдімекен» санатында жаңғырту бойынша атқарылар іс-шаралар жоспарына да тоқталды.

Өз тілшіміз