24.03.2021, 10:11
Қараулар: 48
«Intel – junior» олимпиадасында

«Intel – junior» олимпиадасында

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен бастауыш мектеп жасындағы оқушылар білім сайысынатүсті.балалардың интеллектуалды дарындылығын анықтау, ғылыми жарысқа қызығушылығын ынталандыру мақсатын көздеген бұл ІХ облыстық «Intel – junior» бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық олимпиадасында ауданымыздан 4 оқушылары бақтарын сынады. Айта кетейік, білім додасының аудандық деңгейіне 44 оқушы қатысты.

Google-форма платформасында қашықтан өткізілген олимпиадада ұл-қыздардың білімі нақты ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдар бойынша сыналып, қорытынды кезеңде эрудиттердің турнирі өткізілді.

Облыстық кезеңнің нәтижесінде нақты ғылымдар турында Абай атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Әлихан Сарсенгалиев (мұғалімі Жанар Өтебаева); гуманитарлық турында М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Мұрат Назар (мұғалімі Назгүл Сариева), жаратылыстану турында Қ.Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Темір Сұлтан (мұғалімі Бану Саниева) ІІІ орын иеленді.

Эрудиттер турына қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Ақбота Орынғали (мұғалімі Нұргүл Оразбаева) жеңіс тұғырының ІІ сатысына көтерілді.

Сонымен қатар 3-4 сыныптар арасында өткізілген облыстық «Вундеркинд» олимпиадасына жолдама алған М.Абдулов атындағы негізгі орта мектебінің шәкірті Жансезім Қарабай (мұғалімі Айымгүл Қажмеденова) ІІІ орынды иеленді.

Әлия САПАРҒАЛИЕВА,

аудандық білім бөлімінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі