29.03.2021, 9:24
Қараулар: 33
 «Оқы және өзгеге сыйла»

 «Оқы және өзгеге сыйла»

Кітап адам санасының ақыл ой кеңестігіне жол ашатын қақпаның кілті  десек артық айтқандығымыз емес. Адам баласының ой санасы тез жетілуі үшін 10 кітап оқыса да, жетеді, сол 10 кітапты табу үшін 1000 кітап оқу да аз деген ұлағат та бар. Сондықтан ұрпақ санасының ғаламтор желісіне  арбалмасы үшін мектеп қабырғасынан оқушыларды кітап оқуға баулу ұстаз алдындағы тағы бір борыш екендігін бүгінгі күн дәлелдеп отыр. Осыған орай, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Бітік мектеп-бөбекжай кешенінде мектеп кітапханашысы Анар Жардемованың ұйымдастыруымен «Оқы және өзгеге сыйла» атты bookcrossing бұрышы мектеп дәлізінде ашылды.

Бұл жобаның мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке құштарлығын ояту және білім көкжиегін кеңейту. Жоба аясында әрбір оқырман  өзінің кітап сөрелеріндегі құнды дүниелерін осы бұрышқа әкеп тапсырып, алған әсерімен бөлісті. Айтар болсақ, түлегіміз Салтанат Кажгалиева Т. Васильченконың «Әмір Темір», мектеп педагогтары Айша Кайсакова  «Ақжайықтағы алаш іздері», Жансұлу Жәрдемова Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Күләш Сарсенғазиева М.Балмолданың «Қыран қанатындағы күй» кітаптарын, Диляра Оразбаева І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын сыйға тартты.

Бұл шара әлі де жалғасын тауып, оқушылар арасында да насихатталмақ.

Диляра Қадырғалиқызы,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ҚАБЫРШАҚТЫ