29.03.2021, 9:38
Қараулар: 84
#STOPCOVID2019

#STOPCOVID2019

–  Жедел жәрдем шақыру кезінде ПТР-тестке талдау алу үшін ақы төлеу қажет пе?

ПТР-ға талдау алу-жедел жәрдемді шақыру кезінде тестілеу тегін, яғни тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Мұндай қызметті көрсетудің барлық негізделген жағдайларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға төлейтін болады. Бұл COVID-19 күдігі бар, сондай-ақ ЖРВИ немесе пневмония симптомдары бар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу. Кейіннен мұндай пациенттерге зерттеу үшін зертханаларда, оның ішінде ТМККК және МӘМС шеңберінде зерттеулерді орындауға шарт жасалған жеке меншік зертханаларда жолдама беріледі. Жеке зертханалар, сондай-ақ қызмет көрсетуді қалайтын тұлғалар үшін ақылы негізде де жүзеге асыруды жалғастырады.

–  Аурудың симптомсыз түрінде антибиотиктерді қабылдау орынды ма?

Қазақстанның практикалық денсаулық сақтауында «COVID-19 коронавирустық инфекциясы» диагнозы мен емдеудің клиникалық хаттамасы қолданылады, онда COVID-19 негізгі терапиясы – бұл симптоматикалық терапия, ол симптомдарды жоюға бағытталған емдеуді қамтиды: қызба, жөтел, ентігу, интоксикация. Қызбаны тоқтату үшін қызуды төмендететін препараттар – парацетамол, ибупрофен, сондай-ақ салқындатудың физикалық әдістері қолданылады. Аурудың симптомсыз және жеңіл түрінде амбулаторлық деңгейде бактерияға қарсы және этиотропты терапия жүргізілмейді. COVID-19 кезінде вирустық пневмония бастапқы эмпирикалық бактерияға қарсы терапия үшін көрсеткіш болып табылмайды. Антибиотиктерді тағайындау қайталама бактериялық пневмонияны қосқанда ғана көрсетілген және «ересектердегі пневмония (ауруханадан тыс пневмония)» клиникалық хаттамасына және «балалардағы пневмония» клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.

– Коронавирустен кейін иіс пен дәм сезу қасиеті қанша уақыттан кейін қалпына келеді?

Коронавирус жұқтырып, ауырған адамдар көбінесе иіс пен дәм сезбей қалады. Мұндай асқынудың себептері әлі толық анықталмаған, бірақ дәрігерлердің пікірінше, коронавирус сілекейдің құрамын бұзады немесе рецепторлардың өздері зақымдалады. Кейбіреулер үшін бұл аурудан жазылғаннан кейін де проблемаға айналады. Дәрігерлер  иіс пен дәм сезуді қалпына келтіру үшін арнайы жаттығулар жасауға кеңес берді. Күн сайын бірнеше рет 20 секундтан әртүрлі иістерді иіскеу керек. Бұл иіс сезуге қажет мүшелерді белсенді жұмыс істеуге итермелейтін қалампыр, сарымсақ, кардамон, даршын сияқты күшті хош иістер болуы керек. Осы кезде сәйкесінше дәм сезу де қалпына келе бастайды. Дәм мен иіс сезудің бұзылуы өзара тығыз байланысты, сондықтан бір компоненттің қалпына келуі екіншісінің жақсаруына себеп болады.

– Үй карантиніне алынған науқастың отбасындағы адамдарға қандай нұсқаулық беріледі?

Мұндай жағдайда бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынуы керек.  Карантин бөлмесіне кірер кезде медициналық масканы нығыздап, мұрын мен ауызды жауып тұратындай кию керек. Егер медициалық маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе, оны жаңа маскаға ауыстыру қажет. Отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне 2 рет өлшеген жөн. Бөлмені күніне екі рет желдетіп, дымқыл тазарту жұмыстарын күнделікті жүргізу керек. Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Отбасының әрбір мүшесі жеке тазалық үшін бөлек ыдысты пайдалануы тиіс. Отбасындағы әрбір адамнан дене қызуы немесе жайсыздық байқалса, COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласу немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақыру қажет.

– Коронавирусқа қарсы вакцина қауіпті ме? Вакцинаның жанама әсерлері бар ма?

Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал көріністері, вакцинаны енгізу және сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтері бар вакцинаның нұсқаулығы талап етіледі. Осыған байланысты, қарсы көрсеткіштерді қазіргі уақытта тізіп шығу мүмкін емес. Адамның организмі кез-келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап айту маңызды.

Медицина қызметкерлері кез-келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады. Бұл ретте, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның организмі әртүрлі. Уақтылы ден қою үшін адам вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.