29.03.2021, 9:57
Қараулар: 83
Ұл мен қызды ағылшынша сайратқан

Ұл мен қызды ағылшынша сайратқан

Шәкірт жүрегіне жол таба білетін, мейірімді, жылы жүзді ұстаздардың бірі – Қадырқұл негізгі орта мектебінің педагог-модераторы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрбақыт Ақтаева. Осы өңірде туып-өскен ол бала кезден шет тілдерге жетік болатын. Арманы да сол – өзгелерді ағылшын тіліне үйретіп, сол тілдің мәдениетіне ортақтастыру. Нұрбақыттың тілегі орындалып, мектепті тәмамдасыен Орал гуманитарлық колледжінің  шет тілі факультетіне оқуға түсті. Мамандық алған соң бірден Қадырқұл негізгі жалпы білім беретін мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметке орналасты. Артынша білімін жетілдіріп, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың шетел тілі факультетін де сәтті аяқтады. Шәт тілі мұғалім қазір қай жерде де қат. Білікті маманға қай ауыл, қалаға барып, еңбек етемін десе де, жол ашық. Десе де, Нұрбақыт мұғалім шағын ғана Қадырқұл ауылынан қоныс аудармай, осымен 16 жыл үздіксіз білім саласында қызмет атқарып келеді.

Ол жалпы білім беріп, шет тілін оқытуды білім бағдарламасымен ғана шектеп қоймай, өзінің жұмысында «Ағылшын тілін оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып, осы тілдің грамматикасын, фонетикасын, лексикасын терең меңгерту, сөйлеу дағдысын жетілдіру» проблемалық тақырыбын бағдарға алған. Тек шәкірт емес, ұстаздар да өздерінің білімдерін жаңғыртып, үздіксіз ізденістің үстінде жүретініне осы мұғалімнің еңбегі дәлел. Ол 2016 жылы ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында  » Ағылшын тілі» пәнін оқыту курсынан өтті.

Жуырда оның жетекшілігімен «Үш тілдің патшалығы» атты апталық ұйымдастырылды. 2-сыныпта «Home cooking» атты ашық сабақ, 8-9 сыныптар арасында «The leader of English» атты сыныптан тыс шара өткізді. Ұстаз өз сабақтарында көрнекілік пен дидактикалық материалдарды ұтымды қолданып, оқыту мен тәрбие беру процесінде оқушылардың өз бетімен жұмыстануына көп көңіл бөледі. СОVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына байланысты өткізілген онлай сабақтарын да оқушыларға жеткілікті ақпарат беруге барын салады.

Қазіргі таңда жауапты педагог Нұрбақыт Мұратқызына тікелей міндетіне қосымша  сынып жетекшілер бірлестігін басқару сеніп тапсырылған. Ол әрдайым әріптестеріне, жас мамандарға әдістемелік көмек беріп, ізденіске, шыңдалуға жетелейді.

Ұстаз еңбегі елеусіз қалмай, бірнеше мәрте мадақталды. Түрлі  байқауларға қатысып, алған марапатының өзі бір төбе. “Have you ever been to the Great Silk Road” үздік сырттай бейне сабақ байқауы, Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер күні және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сырттай шығармалар байқауында  ІІІ орын иеленді.

Осындай ұстазға, көпшілікке сыйлы, адамгершілігі мол жанға толағай табыстар тілей отырып, еңбегінің жемісін көр демекпіз.

Дидар БИСЕНБАЕВА,

ата-ана

Қадырқұл ауылы

БАЗАРТӨБЕ