5.04.2021, 9:19
Қараулар: 28
«Елбасы медалімен» марапатталды

«Елбасы медалімен» марапатталды

Өткен аптада түрлі салада озық үлгі көрсеткен бірқатар мектеп оқушылары «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында қола ерекшелік белгісімен марапатталды. 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған бағдарлама былтыр қолға алынып, әрбір үміткерге 7 бағыт бойынша өзін-өзі дамыту бағдарламасы ұсынылды. Олардың ішінде спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесін насихаттау бар.

Осы жоба аясында 3 айда «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Дарын мен дағды» бағыттары бойынша керемет нәтиже көрсетіп, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына сабақ үлгерімдеріне көмек көрсетіп, осылайша волонтерлік бағытында қайырымды істерге үлес қосқан Қ.Байсықов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әсемгүл Рахимберлиева (жетекшісі Құралай Сұңғатова). Мерген орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ділназ Қайырболат (жетекшісі Айбала Қаюм). Талап мектеп-бөбекжай кешенінің 11 сынып оқушысы Әсем Талонованың ( жетекшісі Айша Кожебекова) атқарған еңбектері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Елбасы Медаліне» лайық деп бағаланғанына барша жерлестері қуанышты. Оларға аталмыш марапатты аудандық білім бөлімінің басшысы Біржан Сабыров табыстады.

Атап өтейік, бүкіл ел көлемінде бағдарламаға қатысуға тілек білдірген мыңдаған оқушының арасында топжарған үздіктеріміз оқуда да озат, «Алтын белгіге» үміткер түлектер.

Әсем ЕСБЕК.