5.04.2021, 9:22
Қараулар: 76
Өрт қаупі кезеңіне дайындық

Өрт қаупі кезеңіне дайындық

Орман және дала өртінің алдын алу және жою мәселесі әрқашан да басты назарда болып, аталған табиғи апатқа қарсы әрекет етуге қашан да дайын болуымыз қажет. Осы мәселе Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі  қызметкерлерінің  жалпы жиналысында кеңінен талқыланды.

Бүгінгі таңда мекемеде 32 дана рансалық су шашқыш, 1 дана мотопомпа, 10 дана өрт сөндіру киімі, 1 өрт сөндіру автокөлігі бар. Наурыз айынан бастап мемлекеттік орман қор  жерлерінде рейд шолу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өрт сөндіру бекетіне 10 адамнан құрылған өрт сөндіруші топ құрылып, 15 сәуірден бастап  жұмысқа кіріседі.

Орман белгілері, демалатын, шылым шегетін орын әр орман қорықшыларының айналымына жаңартылған күйде орналастырылады. Орман өрттерінің алдын алуға, өрт қауіпсіздігінің деңгейін төмендетуге қарсы минералдандырылған алқап орналастыру, күтіп-баптау жұмыстары орындалып, бұл алқаптар бүкіл өрт қауіпсіздік мерзім аралығында шөптен таза күйінде ұсталуы тиіс. Қазірден бастап орман қорына шектес шаруашылықтарға, мал бағушыларға ескертпелер таратылуда.

Кеңеске арнайы қатысқан ауыл әкімінің орынбасары Марат Есениязова ауыл шаруашылық жерлерді және қалдықтарды жаққан кезде тиісті бақылау жүргізілмеуінен болатын өрттердің біраз шығынға ұшырататынын, сондықтан мекеме қызметкерлері асқан мұқияттылық танытып, бақылауды назардан түсірмеу керектігін айтты.

№20 өрт сөндіру бекетінің басшысы Ғ.Нұрғалиев өрт бола қалған жағдайда жедел түрде оны сөндіруде  әрекет жасап, ұйымшылдықпен өрт сөндіріп, ат салысуға шақырды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке мекеме бойынша жауапты маман орман шаруашылық инженері Д.Беріков тағайындалды.

Айгүл Берікқызы,

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі  директорының орынбасары