5.04.2021, 9:56
Қараулар: 92
ММА чемпионатында

ММА чемпионатында

Жуырда Орал қаласында ММА аралас жекпе-жектен БҚО чемпионаты өтті. 150-ден астам спортшы қатысқан жарыстың ашылу салтанатында аталған спорт түрінің президенті А.Бисенов құттықтау  сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен бәсекеге қатысқан 12 команданың ішінде біздің ауданнан «Алшын» спорт клубының балғын спортшылары болды.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша аталған клуб бапкері Ерхан Ғалиақпар дайындаған шәкірттер келесідей нәтижеге қол жеткізді:  Есен Дошатов (42 кг.), Али Кенжебаев (57 кг.) І орын және Жанел Ғариполла (66 кг.) ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ айтулы спорт додасына қатысуға «Жігер» спорт клубы қаржылай қолдау көрсетіп, демеушілік етті.

Азамат ҚАНАПИЯ