12.04.2021, 9:23
Қараулар: 58
Жұбан орталығына саяхат

Жұбан орталығына саяхат

Өткен жылы аудан орталығында Даңқты жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдық мерейтойына құрметіне  бой көтерген Жұбан орталығымен танысқысы келетіндердің қатары қалың. Соның бір тобы өткен аптада заманауи талаптарға сай салынған ғимаратқа келіп, танысты. Жаңабұлақ ауылынан мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауыл жастары рухани саяхат жасап, ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның өмірі мен шығармашылығына қанықты.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкері Нұрбану Төлешқызы келген қонақтарды Жұбан Молдағалиевтің өзі тұтынған құнды жәдігерлерге толы кітапхана, музей бөлмесі, руханият залынан тұратын орталықпен таныстырды. Сондай-ақ тамашалуға келген жастар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

Саяхатты Жаңабұлақ ауылдық округі әлеуметтік қызметкері Салтанат Нұрланқызы және жастар ісі жөніндегі кеңесші маман  Данагүл Серікқызы ұйымдастырды.

өз тілшіміз