19.04.2021, 8:59
Қараулар: 34
Ауыл іші жасарып қалды

Ауыл іші жасарып қалды

Ауданда 10 сәуірден бастап экологиялық тазалық айлығы басталды. Оған барлық ауылдық округ, мекеме-ұйым қызметкерлері қатысты. Ауылдың ажарын келтіру үшін «Таза бейсенбі» күндерінде еңбек ұжымдарымен бірге тұрғындар да атсалысуда.

Осындай сенбіліктер енді ауыл-елді мекен аумақтарында 15 мамырға дейін жалғасады. Сонымен өткен сенбіліктің нәтижесінде аудан бойынша 74,5 тонна күл-қоқыс шығарылса, соның 20 тоннасы аудан орталығының тұрғындарының көмегімен тазартылды.

Сондай-ақ Мерген ауылында сенбілікке мекемелерден 64 қызметкер қатысып, 2 техниканың көмегімен 4 тоннадай күл-қоқыс арнайы орынға жөнелтілсе,  Жамбыл ауылының белсенді азаматтары Балтабек Дүйсенбайұлы, Альберт Шағидоллаұлы, Серік Нәсіпқалиұлы бастаған топ ауылішілік жолдарды трактор тіркемесімен тегістеді. Барлық ауылда да ауыл тұрғындары осындай белсенділік танытты.

Өз тілшімізден