19.04.2021, 9:45
Қараулар: 39
Коронавирус жұқпасы бойынша эпидемиологиялық ахуал

Коронавирус жұқпасы бойынша эпидемиологиялық ахуал

2021 жылдың 13 сәуіріне  коронавирустық инфекциясын жұқтырған 209 адам және 34 жағдайда вирус анықталмаған пневмониямен науқастар тіркелді. 2021 жыл басынан 5 адам қайтыс болды.Науқаспен қатынаста болған адамдар ПТР әдісімен тестілеуден өткізілуде.

Бұл жағдайлар Чапаев, Жанабулак, Тайпак, Жанама, Базаршолан, Есім, Алмалы, Жамбыл, Ілбішін, Битлеу, Жайық, Қабыршақты, Шабдаржап, Ақсуат, Сарман, Әтібек, Бударин, Мойылды ауылдарында тіркелген.

07-14 сәуір аралығында коронавирус жұқпасымен ауырған 27 науқас анықталып, тағы 4 адамда вирус ПТР тест арқылы расталмай, дерт пневмония түрінде өтуде. Осы аптада эпидемиологиялық ахуал Чапаев, Алмалы және Тайпақ ауылдарында күрделене түскенін айта кету керек.

Өз тілшіміз