19.04.2021, 10:18
Қараулар: 58
Мектебіміздің мақтаныштары

Мектебіміздің мақтаныштары

Ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Ал мұғалімнің еңбегінің нәтижесі білімі кемел шәкірті. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» деп дана халқымыз сондықтан айтса керек. 

Біздің мектебімізде ұстазының мерейін асырып жүрген оқушылар баршылық, біразы аудан, облыс деңгейіндегі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Гүлімкөз  Дүйсенқызы  «Рухани  жаңғыру» аясында «Өлең  сөздің зергері – Қадыр  ақын»  атты  мектеп  оқушылары  арасында ІХ  аудандық  Қадыр  оқуларының  «Сөзім  барда – өзім  бар» мәнерлеп  оқу  бойынша  І  орын алып, облыстық  кезеңде  ІІІ орынды иеленсе, Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін жатқа оқыған Гүлім Тезекбай және  VІІІ  аудандық «Ақберен» өнер  байқауына қатысқан Қарақат  Мұқановаға көркемсөз  жанры  бойынша  Жұбан ақынның «Мен – қазақпын» поэмасын жатқа оқығаны үшін  Алғыс хат табысталды. Сондай-ақ Мұхтар Жақсығали  есімді оқушымыз Махамбет  ақынға  өлең арнап,  ІІІ  орын алса, «Жұбан  ұрпақтары  жүрегінде», «Мен  мамандықтар  әлемінде»  тақырыптарында эссе  жұмысын   ағылшын  тілінде жазып, аудан  мектептері  арасында  І  орынды  иеленіп, ұстаздарын қуантты. Сонымен қатар, 4 сынып оқушылары арасында өткен   аудандық «Абай-дана, Абай — дара» мәнерлеп оқу  байқауында  Қарақат   Дүйсенқызы Алғыс хатқа  ие  болды.

Бұл жетістіктер – түрлі білім бәсекесіне қатысуға дайындап, бар күш-жігерін салып жүрген Шолпан Қуанышқызы, Райхан Мақсотқызы, Сая Жұмашқызы, Бағдагүл  Қаратайқызы сынды ұстаздарының еңбектерінің зая кетпегенінің бір дәлелі.

Әлі де шығар биіктеріміз, алар асуларымыз көп болып, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастығымыз арта түсетініне ,үлкен жетістерге жететінімізге сеніміміз мол.

Бағдагүл АҚЫБАЕВА 

мұғалім,

Кеңсуат  ауылы

ЕСЕНСАЙ