26.04.2021, 9:11
Қараулар: 34
Сенбілікте – студенттер

Сенбілікте – студенттер

Өткен сенбіде аудандық жастар ресурстар орталығының ұйымдастыруымен Чапаев ауылының бір топ студенттері «Таза планета» акциясына қатысты. Аталған акцияда аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев туған ауыл тазалығына бейжай қарамайтын жастарға шын көңілден өз ризашылығын білдіріп, әрқашан осындай игі істе бастамаға ұйытқы болуға шақырды.

Сенбілікке 60-қа жуық қыз-жігіт қатысты. Оның ішінде басқа облыстарда, сондай-ақ өзіміз аудан колледжінде оқитын студенттер бар. Олар «Майданов» атындағы  саябақты тазартып, барлығы  50 текше метр қоқыс қалдығын шығарды.

Айжан АҚЫЛ

Суретті түсірген Нұрәлі ӘЛІМ