26.04.2021, 9:15
Қараулар: 38
Ерекше жәрмеңке

Ерекше жәрмеңке

Апта дүйсенбісінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында онлайн форматта «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге аудандық бөлімдердің мамандары және халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қатысты. Аталмыш шарада халыққа қызмет көрсету орталығына келген тұрғындар мамандарға өз сауалдарын қойып,  тиісті жауап алды.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында жер қатынастары бойынша электронды форматқа ауысқан қызметтер жөнінде, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қажетті құжаттар бойынша, электронды цифрлы қолтаңба алу  және т.б. электрондық қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі – елді мекендердегі мобильді интернет жылдамдығының төмендігі. Бұл мәселе тұрғысынан алғанда, округ әкімдіктері ғимараттары жоғары жылдамдықтағы интернет құрылғылары орнатылған. Сондықтан осы жерлерде өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Мұнда азаматтардың электронды қызметті алуына барлық жағдай жасалған.

Аида АСЫЛБЕК