26.04.2021, 9:16
Қараулар: 58
Жайқалсын жасыл желек

Жайқалсын жасыл желек

Дәстүрге айналған тал егу акциясына ақжайықтықтар жыл сайын белсенді қатысып келеді. Көптеген ауылдарда көктемгі тазалық жұмыстарымен қатар теректердің көшеттерін отырғызып, ауылында жасыл желектің жайқалуына барын салуда. Жаңабұлақ ауылында да тұрғындардың бастамасымен былтыр жөнделіп, жаңартылған «Еске алу саябағына»  жас талдар егілді.

Ауылды шырайландыратын бұл іске осындағы «Жамиға» шаруа қожалығының жетекшісі  Макуза Қабанова  демеушілік танытып, 60 түп көшет сатып алған. Оларды  Орал қаласынан өзі жеткізіп, ауыл әкімдігіне табыстады.

«Макуза апамыз – үнемі туған ауылына жақсылықтар жасап, Жаңабұлақтың жаңаруына өз үлесін қосып, осылайша көпшіліктің құрметіне бөленген марқұм Асқар Қабановтың жолдасы. Бүгінде ағамыздың ізін жалғастырған кәсіпкер, міне, саябаққа жас талдар сатып алып берді, 25 түп раушан гүлін жеткізді. Алдағы уақытта да осы саябақтың одан әрі көркеюіне  ат салысамын деп отыр. Макуза Кабанова мен осы талдар егуде, тазалық айлығында бірі қалмай атсалысқан мекеме қызметкерлеріне, ауыл тұрғындарына алғыс айтамыз. Жақсы істеріміз жалғасын таба берсін!», — дейді округтің әкімі  Аслан Биғалиев.

Асыл ҚАЙРАТ