26.04.2021, 9:17
Қараулар: 49
Саяси бюро отырысында

Саяси бюро отырысында

Өткен аптаның жұмасында «Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Қ.Айтмұхамбетовтың төрағалығымен саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

Онлайн өткен отырыста аудандық кезекті XXVII конференцияның өткізілетін күні, конференцияның күн тәртібі және аймақтық конференцияға делегаттар сайлау жөніндегі квота бекітілді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының аудандық «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы  тағайындалып, шешімдер қабылданды.

Саяси кеңес бюросының шешімі бойынша аудандық филиалдың кезекті XXVII конференциясы 28 сәуір сағат 11.00-де онлайн форматта өткізіледі, күн тәртібін бекітілді. Оған әрбір бастауыш партия ұйымдарынан 1 делегаттар қатысады. Сонымен қатар отырыста бастауыш партия ұйымдары  жиналыстарының кестесі, филиал жанындағы қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары бекітілді

Өз тілшіміз