4.05.2021, 9:43
Қараулар: 28
Делегаттар сайланды

Делегаттар сайланды

Жер-жердегідей ауданда «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының есеп беру жиындары өткізілуде. Осындай басқосу жуырда аудан орталығындағы «Қарасай» бастауыш партия ұйымында өтті.

Аталмыш жиынға партияның аудандық филиалының бірінші төрағасы Айжан Нысанбаева қатысып, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда межелеген тапсырмалар мен міндеттерді саралады.

Бастауыш партия ұйымының төрағасы Ізбасар Дауытов өз кезегінде атқарылған жұмыстарды ортаға салды.

«Қарасай» бастауыш партия ұйымында 120 партия мүшесі бар. Олар партия беделін халық алдында көтеру мақсатында қызмет атқаруда. Айталық, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жасы егде тартқан, жалғызбасты немесе мүгедек қарияларға көмек көрсетіп, 54 зейнеткерге үйлеріне барып (үйін жөндеу, жерін қопсыту, ауласын тазалау және ауласын жөндеу т.б. сынды) мекенжайлық жұмыстар атқарылды.

«Жастар – Отанға!» жобасы бойынша округ көлемінде аудандық жастар ресурстық орталығы және аудан орталығындағы білім беру мекемелерінде түрлі маңызды шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Мемлекеттік рәміздер күніне, Конституция күніне сонымен қатар, мемлекеттік мерекелерде маңызды шаралар, ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Партия жұмысының өзге де салалары қамтылған баяндамада кәсіпкерлікті дамыту және мүгедектерге қызмет көрсету, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету мәселелері айтылды. Осы акция шеңберінде Ақжайық ауданында да 494 отбасыға кәсіпкерлердің, жомарт жандардың арқасында көмек көрсетілді

Сонымен қатар күн тәртібіне сай партияның аймақтық филиалының конференциясына бастауыш партия ұйымынан делегаттар сайланды.

Әсем ЕСБЕК